«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отыры өтті. Күн тәртібінде: кеңес төрағасының есебі, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту туралы мәселелер қаралады.