Бүгінде Маркетплейстердегі сауда қазақстандықтар арасында танымал болып келеді. Өткен жылы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық коммерция 3,2 трл-нға жеткен. Сатылымдардың 89%-ы онлайн платформалар арқылы жүзеге асқан. Үкімет онлайн сауданың көлемін алдағы төрт жылда еселеп арттыруға ниетті. Бұл шамамен 9,3 трлн теңгеге тең. Дегенмен, осы бизнестен кіріс көріп отырған кәсіпкерлер ішінде салық төлеуден жалтаратындардың саны азаймай тұр.