Биыл жазушы-ақын, қазақ жазба әдебиетінің көренкті өкілі Қазақстан Жазушылар одағын қалыптасырушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфоллаұлы Сейфуллиннің 130 жылдығы. Еліміз үшін ұшан-теңіз еңбек сіңрген классик қаламгердің есімі ел есінен ешқашанда шықпақ емес. Бір ғана Әулиеата өңірінде оның атын иеленген орта оқу орындары мен кітапхана және көше аттары жетерлік.

Соның бірі- Шу қаласындағы орта мектепте қарымды қаламгердің туған күніне орай «Сәкен сарқылмас жырдың дариясы» атты әдеби сазды кеш болып өтті.