1 қазан – Халықаралық қарттар күні! Осыған орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев еңбек ардагері, көпбалалы ана Күлән Байділдаеваның шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосқан Күлән Исаққызының көпжылдық еңбегіне тоқталып, ақжарма тілегін жеткізді.
Аймақ басшысы ардагер ұстаздың өмірлік жолдасы, қоғам қайраткері Жұмабек Сапаралиевтің те ел ертеңі үшін жасаған игі істері кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.