Жамбыл ауданында жылыжайда қызғалдақ өсіретін кәсіпкер гүл саудасынан мол табыс тауып отыр. Досжан Жамбыловтың айтуынша, қызғалдаққа сұраныс 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында артады екен.

Қызғалдақ өсіру идеясы басында қызығушылықтан туындапты. Осыдан төрт жыл бұрын хоббиін кәсіпке айналдырған оның қызғалдақтары қазір Жамбыл ауданымен қатар, Тараз қаласының ішкі сұранысын толық өтеп отыр.