Ұзындығы жеті метр беташар жазған Жамбылдық қария Атхан Иманалиев бүгінде рекордтық көрсеткішті орындап отыр. Себебі, осы уақытқа дейін елімізде жазылған беташарлардың сөздері ары кеткенде 3-4 беттен аспаған. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер жалпы саны 116 адамның атын атап, түсін түстеген екен. Өмірінің жарты ғасырға жуық уақытын той басқару мен қазақтың дәстүрлі өнерін дәріптеуге арнаған азамат қазір Қордай ауылында тұрады.