Бүгін Жамбыл жеріне еліміздің экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жұмыс сапарымен келді. Шенеунік сапар барысында облыс орталығында болып, жергілікті халықпен кездесу өткізді. Жиында өңірдегі экологияға қатысты өзекті проблемалар көтеріліп, шешу жолдары қарастырылды.