Тоқпанов театрының жауапкершілігі арта түсті. Жамбылдық әртістердің қара шаңырағына айналған театрға академиялық мәртебе берілуі – ұжымның ғана емес, осы сахнада ғұмырын өткерген талай өнер майталмандарының еңбегіне көрсетілген құрмет. Солардың бірі – театрмен тыныстап, сахнада алпыс жылдан астам уақыт қызмет еткен актриса Нұрсифат Салықова.