Абай атындағы орталық кітапханада құқық қорғау органдарының қызметкерлері жастармен кездесті. Басқосуда құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Заң мен тәртіп бар жерде әділдік, бейбіт өмір мен қауіпсіздік орнайды. Әр азамат заңды құрметтеп, өз іс-әрекетіне жауапты болуы қажет. Сондықтан жас ұрпақтың құқықтық сауатын көтеріп, заңға құрмет көрсетуді үйрету бүгінгі күннің басты міндеті. «Заң мен тәртіп: Қауіпсіз болашақ» тақырыбын арқау еткен кездесудің басты мақсаты да осы. Жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, олардың заң талаптарын терең түсінуіне ықпал ету.