Таразда отбасы құндылықтарын нығайту және балалар тәрбиесіндегі әкелердің рөлін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектепте «Өзіңнен баста! Балаңа үлгі бол!» ұранымен ауқымды тәрбиелік іс-шара өтті. Акция барысында оқушылардың әкелері өз балаларына жеке үлгі көрсетіп, тәрбиенің маңызын іс жүзінде дәлелдеді. «Адал Азамат» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына ерекше назар аударылды.