Жамбыл облысы Қаржы мониторинг агенттігі прокуратураның үйлестіруімен «БМ» ЖШС және оған байланысты компания басшылығына қатысты тергеу жалғасуда.
Іс материалдарына сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топ лицензиясыз Жамбыл облысында этил спиртін ірі көлемде өндіріп, сақтап, тасымалдап сатқан. Заңсыз әрекетін жасыру үшін күдіктілер өз қызметін биоэтанол мен жемдік қоспалар өндіру ретінде көрсеткен. Алайда тергеу барысында кәсіпорын аумағында өнеркәсіптік деңгейде жұмыс істеген жасырын спирт зауыты анықталды. Бұл цехтарда адам өмірі мен денсаулығына қауіпті суррогат алкоголь өнімдері дайындалған екен. Мамандардың сөзінше, қылмыстық топ бірнеше өңірге тауап тасымалдап, өз өнімдерін жеткізіп отырыпты.