Таразда дене шектеуіне қарамай, талай жарыстарда топ жарып, аймақ қана емес, елдің абыройын асқақтатып жүрген спортшы тұрады. Отырып ойнайтын волейболдан жеңіске жетіп, қазір осы спорт түрінен өзі қатарлас жастардың да жігерін жаныған Жамбыл Жарас бүгінде Халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне айналды.