Жасанды интеллект отын-энергетика кешендеріндегі апаттарды азайтып, тұрақты жұмысты қамтамасыз етеді. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, қазір салада жасанды интеллектке негізделген бірнеше пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, электр беру желілері дрондар арқылы тексеріліп, жасырын ақаулар автоматты түрде анықталуда. Сонымен қатар, жылу желілерінде құбырларды ашпай-ақ тексеруге мүмкіндік беретін роботтандырылған диагностика енгізілген. Бұл шешімдер жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлауға, апаттылық деңгейін төмендетуге және миллиардтаған теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.