Өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған нақты жобалар өз жемісін беріп келеді. Соның дәлелі – Меркі ауданында жүгері сүрлемін өндіру бойынша жаңа өндіріс ошағының жұмысын бастауы. Жеке кәсіпкер Дархан Әбдірахманов мал азығын дайындау бағытындағы жобасын табысты жүзеге асыруда. Ол сапалы өнім шығарумен қатар, жергілікті тұрғындарға жұмыс беріп отыр.