Жамбыл облысы Полиция департаментінің ювеналдық полиция қызметкерлері бір айға жетпейтін уақыт ішінде 521 кәмелетке толмағанды ішкі істер органдарына жеткізді. Қысқа мерзімде тіркелген бұл көрсеткіш күшейтілген профилактикалық рейдтердің нәтижесі болып отыр. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қараусыз қалу деректерін және олардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды анықтау.