Қар жауды деп қуанып жүргенде төтеншеліктер қызу жұмысқа кірісті. Қазіргі таңда қолайсыз ауа райына қарамастан, автожолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Төтенше жағдайлар департаментінде өткен көшпелі брифинг барысында баяндалды.