Жамбыл облысында бюджет қаражатының жұмсалуына бақылау күшейтілді. 2025 жылы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өңірде 45 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 18 миллиард 800 миллион теңгеден астам соманы анықтады. Негізгі кемшіліктер бухгалтерлік есеп жүргізу, мемлекеттік сатып алу талаптарын сақтамау, орындалмаған жұмыстар үшін төлем жасау кезінде тіркелген.