Отанға адал қызмет ет те, командир бол. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында әскерге шақырылған сарбаздарға енді кіші командирлік лауазымға дейін көтерілулеріне мүмкіндік туды. Бұл тәжірибе енді ғана енгізілгенімен, оның оң нәтижесі көрініп те үлгерді. Әскери қызметке шақырылғандардың жасақ басшысы лауазымдарына тағайындалуы олардың әрі қарай өсуіне тамаша ынталандыру мен серпін бермек.