«Біздің реформамыз – қатардағы «фискалдық науқан» емес, салық жүйесін қайта құру деген сөз. Алдымызда тұрған басты міндет – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету». Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында салық реформасына қатысты осындай ой білдірді.

Сонымен, 2026 жылдан бастап енгізілген жаңа реформа кімге тиімді, қандай өзгеріс күтіп тұр? Салық саласындағы өзгерістердің тиімді тұстары мен қазына қаржысын мақсатты жұмсау жөнінде жамбылдықтар да өз пікірлерімен бөлісті.