Қазақстан цифрлық құқықтарды заңнамалық тұрғыда бекіткен әлемдегі екінші ел. Қабылданған құжат технологияны дамытуға, жасанды интеллектіні енгізуге және қауіпсіз ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сала мамандарының сөзінше, кодекс салалық заңнамалардағы ережелерді жүйелеп, құқықтық қайшылықтарды реттеді. Сондай-ақ, онда цифрлық мемлекеттік басқару жүйесі қайта қаралып, жаңартылды. Азаматтарға дербес деректерді жою, оларды өңдеуді шектеу, жасыру құқығы берілді. Ал, биометриялық сәйкестендіру тек заңда көзделген жағдайларда ғана қолданылады.