Аралға су келе ме? Дәл осындай тақырыппен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде онлайн және офлайн форматта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл жиын Арал өңіріндегі экологиялық проблемаларды мемлекетаралық деңгейде талқылауға арналды. Аталған іс-шараға «Халық үміті» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Тұран ойпаты – Арғы Ембі» қоғамдық бірлестіктері мұрындық болды