Таразда журналистерге арналған оқу семинары өтті. Іс-шара барысында жалған ақпараттың алдын алу, этносаралық қатынастардағы өзекті мәселелер және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жасанды интеллекттің рөлі тақырыптары кеңінен талқыланды. Жиынға қатысқан өңір журналистері аталған бағыттар бойынша сала мамандарының баяндамаларын тыңдады.