Әкімдікте сауат ашып, мәдениет үйінде білім алатын жамбылдық жүйе жойылды. Енді өңірдің барлық оқушылары 2 ауысымда оқиды. Өйткені аймақтағы 3 ауысымды мектептердің мәселесі толық шешілді. Дегенмен, қанатты кеңге жайып қуануға әлі ерте. Облыста әлі де шешімін таппаған 1 апатты мектеп пен 11 тозығы жеткен және 17 орын тапшылығы бар білім ошақтары бар.