Жамбыл ауданында заң мен тәртіп қағидаты аясында пробация есебінде тұрған азаматтардың қайта қылмысқа бармауының алдын алу бағытында түнгі профилактикалық рейд өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Жамбыл аудандық пробация қызметі бөлімі және Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.