Өткен жылы аймақта интернет-алаяқтық бойынша 784 дерек тіркелген. Яғни бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 3 есе артқан. Ал биыл жыл басынан бері 64 факті анықталыпты. Бұл туралы «Заң мен тәртіп» профилактикалық керуені аясында айтылды.
Таразға табан тіреген мобильді топ құрамында прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдар, заңгерлер мен психологтар бар. Олар аудандарды аралап, шалғайдағы елдімекен тұрғындарының өтінішін тыңдап, сол жерде кеңес береді.