Құрылтай депутаттарына қойылатын талаптар қандай? Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысында комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтты. Одан бөлек Үкіметтің кейбір өкілеттігін қысқарту, Конституцияның кейбір баптарын толықтыру сынды бастама көтерілді. Бір күнде екі отырыс өткізген Конституциялық комиссия, секцияларға бөлініп маңызды мәселелерге қатысты пікір алмасты.