Таразда ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық- түсіндіру тобы мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық бағыттағы іс-шара өтті. Игі бастама жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға және әскери қызметтің маңызын түсіндіруге бағытталды. Шараға Қорғаныс министрлігінің бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері мен әскери-патриоттық ұжымдар қатысты.