Ш. Уәлиханов атындағы облыстық кітапханада «Жырлайды жүрек» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш Әдібай Табылдиевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Кеш барысында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылды. Іс-шарада жазушының рухани мұрасы мен еңбектерінің маңызы кеңінен айтылды. Кездесу ұстаздық пен сөз өнерін ұштастырған тұлғаның биік болмысын айқындады-дейді шараға қатысушылар. Тағылымды ойлар қатысушыларға рухани серпін беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеді.