Бүгін Үкімет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітті. Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген құжат 2026-2030 жылдарға арналған. Төрт негізгі бағытты қамтиды. Яғни, білім беру, денсаулық сақтау, отбасы құқығы және әлеуметтік қорғау сияқты салалардағы балалардың құқықтары қарастырылған. Сондай-ақ буллингті анықтау үшін бейнебақылау камераларына Жасанды интеллект технологияларын енгізу, құқыққа қайшы контентті жоймағаны үшін интернет-платформалардың жауапкершілігін күшейту сынды маңызды мәселелер қолға алынады.