Сайлаушылар тізімін өзектендіру бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Себебі сайлауда бір ғана қателік — азаматтың дауыс беру құқығын шектеуі мүмкін. Қордайда алдағы сайлауларға дайындық басталды. Бұл жолы басты назар сайлаушылар тізімінің нақтылығы мен сайлау барысының ашықтығында. Осы тақырыпта аудандық сайлау комиссиясы тұрғындармен ашық кездесу өткізді.