Үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік көрсету әрбір ұстаздың өмірлік ұстанымы. Сондықтан да ұлық мамандық иелерінің адами қасиеттері биік бағаланады. Кәсіби шеберлігі тұрғысынан көпке үлгі болып жүрген жандарға құрмет көрсету мақсатында Шу ауданында жас мамандар мен мектеп ұжымының арасында “Ұстазға мың алғыс” атты кездесу ұйымдастырылды.