«AMANAT» партиясы өңірлік филиалының Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында азаматтардың өтініш-шағымдарын қарау барысы мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы талқыланды.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 3 мың 419 өтініш түскен. Оның 67 пайыздан астамы оң шешімін тапса, қалған өтініштер бойынша азаматтарға заң аясында түсіндірме берілген.Көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты. Сонымен қатар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімдерін беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және еңбек құқықтарын қорғау мәселелері де жиі көтерілген. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан келіп түскен өтініштер саны да назарға алынып, олардың жартысынан астамының оң шешілуіне партия тарапынан ықпал етілген.