Қордай ауданында жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін күшейту мақсатында «Әскердегі бір күн» атты танымдық экскурсия өтті. Іс-шараны Отар ауылдық округі әкімдігі мен «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.Түрлі ауылдардан жиналған 10-11 сынып оқушылары бір сәтке өздерін әскери адам сезініп көруге мүмкіндік алды.