2026 жылдан бастап Қазақстанда салық жүйесі жаңаша жұмыс істей бастады. Салық кодексіне енгізілген өзгерістер қарапайым азаматтардан бастап кәсіпкерлерге дейінгі кең ауқымды қамтиды. Жаңартулардың басты мақсаты – салық салу тәртібін жеңілдету, ашықтықты арттыру және экономиканың шағын сегменттеріне қолдау көрсету. Бұл өзгерістер жалақы, кәсіпкерлік қызмет және мүлікке салынатын салықтарға тікелей әсер етпек.