Қазақтың ұлы күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына биыл 165 жыл. Осыған орай «Күй анасы-Дина» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, сондай-ақ күйшінің өмір жолынан сыр шертетін кітап көрмесі ұсынылды.

Дина Нұрпейісова-қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіби әйел күйші-композитор, домбыра өнерін дамытқан дара тұлға. Іс-шара барысында композитордың төл туындылары шырқалып, өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.Белгілі өнертанушылар мен домбыра ұстаздары Дина Нұрпейісованың өнерінің тарихы мен маңызы мен мәдени құндылығы туралы ой бөлісті.