Ерлік пен адалдықтың символына айналған Ғазиз Байтасов атындағы кезекті «Жас сақшы» полиция сыныбы №46 орта мектептің білімге, тәртіпке, жауапкершілікке ұмтылған жас өрендері үшін де есігін ашты. Оқушылар мұнда тек теориялық біліммен шектелмей, құқықтық сауаттылықты меңгеріп, тәртіп пен заңға құрметпен қарауды, ел мен жер алдындағы жауапкершілікті терең сезінуді үйренеді.