Таразда ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мерейлі портрет кеші өтті. Іс-шарада бірнеше дәуірдің куәсі болған, сөзімен елді ұйыстырып, жырымен рух берген алып тұлғаның өмір жолы мен мол мұрасы таныстырылды.