«Таза Қазақстан» қоғамның барлық саласын біріктірген ауқымды жоба. Оған мемлекеттік қызметшілерден бастап қарапайым тұрғындар, жастар мен еріктілер де ат салысты. Үш жыл бұрын бастау алған экологиялық акция бүгінде жалпыұлттық игі іске айналды. Жыл санап қатысушылар саны артып, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырды.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтыр науқан аясында ел бойынша 844 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналып, 1 миллион 100 мың гектардан аса аумақ тазартылған.