Жамбыл тұрғындары бесінші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін ерекше ықыласпен қабылдап, онда көтерілген бастамаларды елдің мемлекеттілігін нығайтып, саяси жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалады. Президенттің бастамалары қоғамның бүгінгі сұранысына сай келіп, болашаққа деген сенімді арттыра түсті.