Жастарды экологиялық мәдениетке үндеу. Бүгін Таразда табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасты арттыруға бағытталған жастармен кездесу өтті.

Басқосуда еліміздегі экологиялық ахуал, табиғатқа немқұрайлы қараудың салдары, қоқысты сұрыптау, жасыл аймақтарды көбейту секілді маңызды тақырыптар түсіндірілді. Сондай-ақ, суды үнемдеу және дұрыс пайдалану жолдары кеңінен айтылды. Қазіргі жаһанда су тапшылығы сезіліп жатқан кезеңде тіршілік көзін ұтымды пайдалану қажет –ақ. Осылайша студент жастар арқылы қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ортақ жауапкершілік күшейіп, экологиялық мәдениет күнделікті өмір салтына енгізіледі.