Тараздағы Николай Гоголь атындағы орта мектебінде ұлдар тәрбиесіне бағытталған «Әкелер құрылтайы» өтті. «Әке – ұлт тәрбиесінің тірегі» тақырыбында ұйымдастырылған тағылымды басқосу әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін арттыруға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналды.