Жазалау емес, жәрдем беру. Қаңтар айынан бастап Жамбыл облысында «Халық бухгалтері» акциясы қарқынды жүргізілуде. Бастама салық төлеушілерді сервистік сүйемелдеуге бағытталған. Яғни жоба шеңберінде салық төлеушілер бухгалтерлік есеп, салық есептілігі, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша түсініктеме ала алады.