Жаңартылған Негізгі Заң – ол толық қалыптасқан және тұрақты мемлекеттің Конституциясы. Сондықтан саяси жүйені жаңғырту жағдайында еліміздің Негізгі Заңының мазмұны ерекше мәнге ие болып отыр. Ұлттық Құрылтайдың V-отырысында Мемлекет басшысы Конституцияның кіріспесінің жаңа редакциясына құқықтық мемлекет құрылысына тікелей қатысты қағидаттарды енгізу қажеттігін айтты.