ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобының Жамбыл облысына сапары барысында офицерлер мамандандырылған әскери мектеп-интернаты мен Әлихан Бөкейханов атындағы No1 гимназияда болып, жастармен кездесті. Жүздесуде өскелең ұрпақпен әскери-патриоттық тәрбие бағытында әңгіме өрбіді.