Адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің басты құндылығы. Жарияланған жаңа Конституция жобасының Преамбуласында бұл қағида алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде айқындалды. Бұл ұстаным құжаттың бүкіл мазмұнынан көрініс тапты. Ата заңның жаңа жобасындағы негізгі өзгерістер бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі облыстық актив отырысында айтылды.