Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің IX конференциясы өтті. Жиында 2024–2025 жылдардағы атқарған жұмыс пен алдағы міндеттер қаралып, Пленум мүшелері сайланды. Одан бөлек, өткен жылы үздік жұмыс атқарған бастауыш ардагерлер ұйымдары марапатталды.
Қазіргі таңда Жуалы ауданында 6 427 зейнеткер бар, оның 5 991-і ардагерлер есебінде тұр. Ауданда 14 ауылдық округте бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Аудандық ардагерлер кеңесінде ардагерлерді мерейлі жасымен құттықтау және еңбек жолын насихаттау дәстүрге айналған. Былтыр мерейтой иелері мен қарттар күні аясында ардагерлер марапатталған. Ал, биыл ардагер спортшыларға 135 мың теңге көлемінде сыйлық табысталыпты. Жиында қаралған күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша қаулы қабылданды. Үздік жұмыс атқарған бастауыш ардагерлер ұйымдары мен олардың төрағалары Алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталды.