Былтыр Байзақтағы орталық ауруханаға жазылған шағым көлемі әлдеқайда артқан. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы халықтың талап-тілегін тыңдап, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Сондай-ақ олардың көтерген мәселесін дер кезінде шешу жолдарын қарастырды.