«Теория мен практиканың сабақтастығы». Бүгін педагогтер мен оқытушылардың басын қосқан республикалық семинар өтті. Білім саласының мамандары жиылған жиында оқу-сауықтыру орталықтарындағы баланы жан-жақты дамытуда түрлі әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Семинар-практикум мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, алған теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетте тиімді ұштастыруға бағытталған.