Жамбыл облысынан 1 300 жыл бұрын түркештер, қарлұқтар мен қытайлар қолданған қола теңгелер табылды.

150 мың әскер, бес күнге созылған соғыс, 400 га-дан асатын алаң. Әлемдегі ең ірі жеті шайқастың бірі саналатын Атлах шайқасысының орны Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылының аймағы екені былтыр анықталған. 751 жылы болған тарихи жорамалды нақтылау үшін, ғалымдар мен жергілікті билік бұл жұмысқа білек сыбана кіріскен. Нәтижесінде өткен жылдың мамырында қазба жұмыстары басталған.