Алысқа ат терлетпей-ақ, өзімізде шаңғы тебіңіз. Жанымыздағы Жуалыда, шағын Шымбұлақ барын білесіз бе? Қазір облыс тұрғындары Алматыға ағылмай-ақ, Көксайға барып жүр. Бүгінде демалыс орнына тек жамбылдықтар емес, Шымкент, Ақтау қалаларынан ат басын бұрып, арнайы келетіндер де көбейген. Тараздан 80 шақырым жерде орналасқан демалыс орнында қонақтарға барлық жағдай жасалыпты. Тіпті аты әлемге танымал «Tary» қонақ үйі салынып жатыр.